Қазақстан республикасының Елбасы: Екі ел арасында құны 2 млрд долларды құрайтын 66 құжатқа қол қойылды
(last modified Mon, 11 Apr 2016 16:07:31 GMT )
Сәу 11, 2016 22:07 Asia/Almaty
  • Қазақстан республикасының Елбасы: Екі ел арасында құны 2 млрд долларды құрайтын 66 құжатқа қол қойылды

Қазақстан республикасының Елбасы Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының экономика, сауда- саттық, туризм және кен сияқты түрлі негіздерде құны 2 млрд доллар тұратын 66 құжатқа қол қойғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Рухани мырзамен өткен ортақ ақпарат отырысында Иран президентінің қонақжайлылығына алғыс айтып, осы сапарды тарихи деп атап: «Иранға қарсы санкциялар жойылған соң екі ел арасындағы қарым- қатынастар тарихында жаңа маусым қалыптасып келеді. Осы байланыстардың болашағының баянды болатындығына сенімдімін. Екі елдің байланысында ешқандай келіспеушілік болған жоқ. Қазақстан әрдайым Иранға демеуші болған» деді.

Ол Қытайдан Иранға жететін Қазақстан- Түркіменстан темір жолын экономикалық бағыт деп атап: «Қытайдан Иранға жүк тасымалдау бағыты 12 күндік болып табылады. Бұл теңіз бағытынан екі жарым есе азырақ» деді.

Назарбаев сөзінің жалғасында екі елдің лаңкестікпен күрес туралы сұхбаттарына сілтеме жасап: «Лаңкестік пен исламның арасында айырмашылық бар. Бірігіп лаңкестікке қарсы күресуіміз керек» деді.

Ол кісі сонымен қатар ислам елдері арасындағы бірлікті қуаттап: «Иран мен Сауд Арабиясы арасында келіспеушілік болмауы керек. Мәселелерді сұхбаттасу арқылы шешу керек» деді.

Қазақстан республикасының Елбасы екі елдің сауда, экономикалық байланыстары темір жол, құрлық және теңіз маршруттары арқылы кеңеюі керек деп баса айтты.

Назарбаев сөзінің соңында Рухани мырзаны Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырып, сол сапарда екі ел арасында жасалған келісімшарттардың жүзеге асырылғаны туралы есептің ұсынылатындығына куә болуға үміт бар екендігін айтты.

Тегтер