Парламентаралық одақ АҚШ-тың Голан жоталарын Израильге тиесілі деп тануын айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i41783-Парламентаралық_одақ_АҚШ_тың_Голан_жоталарын_Израильге_тиесілі_деп_тануын_айыптады
Парламентаралық одақ 140-шы отырысының соңғы күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Голан жоталарын Израильге тиесілі деп тануын айыптады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 11, 2019 15:52 Asia/Almaty
  • Парламентаралық одақ АҚШ-тың Голан жоталарын Израильге тиесілі деп тануын айыптады

Парламентаралық одақ 140-шы отырысының соңғы күні мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың Голан жоталарын Израильге тиесілі деп тануын айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, әлемнің 160-тан астам елінің қолдауына ие болған бұл мәлімдемеде Парламентаралық одақтың зорлық пен басқыншылық арқылы жер алудың кез келген түріне қарсылық білдіретіні айтылып: "АҚШ-тың бұл шарасы Батыс Азияда тұрақты бейбітшілік пен теңдікке жету қашықтығының алыстай түсуіне соқтырады",-деп қуатталды.

Дүниежүзілік парламентаралық одақ АҚШ-тың Голан жоталарына қатысты шарасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №497 қарарына қайшы деп танып, осыған қатысты кез келген талпынысты халықаралық әсерден кенде деп атады.