Америкалықтардың Иранға қарсы әскери қимыл жасауға батылдары жетпейді
https://itolqyn.com/news/world-i41785
Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммадәли Джафари АҚШ-тың аймақтағы әскери күштерінің Иранның бақылауына алынғанын, олардың Иранға қарсы әскери қимыл жасауға ешқашан батылы жетпейтінін баса айттты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 11, 2019 16:50 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Иранға қарсы әскери қимыл жасауға батылдары жетпейді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммадәли Джафари АҚШ-тың аймақтағы әскери күштерінің Иранның бақылауына алынғанын, олардың Иранға қарсы әскери қимыл жасауға ешқашан батылы жетпейтінін баса айттты.

Генерал-майор Мұхаммадәли Джафари сәрсенбі күні Иран Сыртқы істер министрімен кездесу аясында Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы шарасын күлкілі, бос  ұран деп атады.

Генерал-майор Джафари ИИР дұшпандарының ең ақымақ адамдар екенін айтып: "АҚШ-тың Сақшылар корпусына қарсы шарасы олардың қара ниеттеріне керісінше ирандықтардың одан ары біріге түсуіне себеп болды",-деді.