Ресей WikiLeaks-тің негізін қалаушының қамауға алынуын сынады
https://itolqyn.com/news/world-i41793-Ресей_wikileaks_тің_негізін_қалаушының_қамауға_алынуын_сынады
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Лондонда WikiLeaks сайтының негізін қалаушының қамауға алынуын сынады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 12, 2019 18:25 Asia/Almaty
  • Ресей WikiLeaks-тің негізін қалаушының қамауға алынуын сынады

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Лондонда WikiLeaks сайтының негізін қалаушының қамауға алынуын сынады.

"Спутник" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мария Захарова WikiLeaks әшкерелеуші сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды Ұлыбритания полициясы қамауға алғаны туралы ақпарат таралғаннан кейін: "Демократияның қолы азаттықты мойнынан қылқындырып жатыр",-деп мәлімдеді.

Осындай жағдайда АҚШ-тың Әділет министрлігі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап, Джулиан Ассанжды осы елдің бұрынғы әскериі Челси Мэннингтпен Пентагонның бір құпия компьютерін ашуға келісті деп айыптады.

Ұлыбритания полициясы Ассанждың кеше, бейсенбі күні америкалық басшылардың өтінішімен құрықталып, Лондондағы полиция бөлімшесіне жеткізілгенін мәлімдеді.