Еуропалықтар «Ортақ қадам» бағдарламасындағы міндеттемелерін баяу орындап жатыр
Иран Сыртқы істер министрі еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін баяу орындап жатқанын тағы қуаттап, еуропалықтардың INSTEX-ті іске қосуын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу саласындағы бірінші қадам деп атап:
«Иранда тиісті механизм өткен аптада іске қосылды. Еуропалықтардың жұмысты бастауды артқа қалдыратын ешбір себебі қалған жоқ»,- деді. Бұл сөз Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауына әлі көп уақыт бар екенін көрсетеді. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Еуропа барлық мәселелер бойынша АҚШ-пен бірге емес екенін көрсетуге талпынғанымен осы уақытқа дейін лайық әрекет еткен жоқ. Франция Президенті Эммануэль Макрон бұдан бұрын Париждің ИИР-на қатысты АҚШ-тың ұстанымымен келіспейтінін мәлімдеген болатын. Алайда, АҚШ-тың Иранның зымырандық бағдарламасы мен аймақ мәселелері туралы келіссөз жүргізу жобасын қолдап отыр. Халықаралық мәселелер маманы әрі геополитикалық мәселелердің ұстазы Әлиреза Фараджирад Еуроодақтың бұл екіжүзділігі туралы: «Еуропаның бағдарламасы – Иранның қорғаныс және зымырандық әлеуетін, сондай-ақ, Иранның аймақтағы дипломатиясы туралы тақырыптарды көтеру. Сондықтан Еуропа ұпайға ие болу үшін Иранның сынағынан өтіп жатыр. Еуропаның бұл жолы қателесуіне күмән тумайды. Өйткені, бұл саладағы Иранның ұстанымы айқын әрі кесімді. Егер Франция немесе кез келген еуропалық мемлекет өз ұстанымдарын АҚШ-тың талаптарына сай өзгертсе және Иранның бейбіт мақсатты ядролық бағдарламасын немесе зымырандық қорғаныс әлеуетін алаңдатарлықтай және аймақ тұрақтылығын бұзатындай таныстырса, Иран тиісті реакция білдіреді»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің Теһрандағы Францияның жаңа елшісін шақырту әрекеті бұл саладаң анық жолдауды жеткізді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты Еуропаға аса үміт артуға болмайды. Ислам революциясының жетекшісі имам Резаның (ғ.с.) кесенесінде сөйлеген сөзінде: «Тарихи тәжірибелер мен батыстықтардың әрекеттеріне жасаған шолу олардан қастық пен арқадан қанжар салуды күтуге болатынын көрсетеді. Олардан көмек пен қолдау күтуге болмайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты олардың уәделері мен іс-әрекеттерінің айырмашылығы жер мен көктей»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи Иран мен Еуропа арасында қаржы желісін құрудың еш мағынасы жоқ деп атады.