Халықаралық лаңкестік – қазіргі заманның ең қиын түйткілдерінің бірі
(last modified Sat, 20 Apr 2019 09:35:52 GMT )
Сәу 20, 2019 15:35 Asia/Almaty
  • Халықаралық лаңкестік – қазіргі заманның ең қиын түйткілдерінің бірі

Қазақстан Парламенті Сенат палатасының төрағасы Ресейде ТМД елдерінің парламентаралық ассамблеясында сөйлеген сөзінде халықаралық лаңкестікті қазіргі заманның ең қиын түйткілдерінің бірі деп атап, онымен күресудің жалғыз жолы әлем елдерінің әріптестігі деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның парламенттік делегациясын бастап, ТМД елдері парламентаралық ассамблеясына қатысу үшін Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барған Дариға Назарбаева Халықаралық лаңкестікпен күрес конференциясында баяндама жасап: "Лаңкестік бейберекеттік тудырып, экономикалық және әлеуметтік өмірді бұзады. Оның басты құрбандары – балалар, әйелдер мен қарттар. Әлемдік қауіпсіздікке төнген қатер бақылаусыз миграцияны қалыптастырады. Адамдар кедейшілік пен соғыстан қашады. Бұл дамыған елдер үшін қиындық тудырады.

Жаһандық және аймақтық алпауыттардың қарама-қайшылықтарына қарамастан, ДАИШ Батыс Азияда жеңіліс тапты, алайда лаңкестік толығымен жойылған жоқ.

Қазақстан БҰҰ-ның  лаңкестікпен күрес саласындағы үйлестіруші рөлін белсенді түрде қолдайды",-деді.