Трамп – айлакер гангстер
https://itolqyn.com/news/world-i41883-Трамп_айлакер_гангстер
АҚШ кинематографиясының әртісі елінің президентін ақлақтан жұрдай айлакер гансгтер деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 21, 2019 18:51 Asia/Almaty
  • Трамп – айлакер гангстер

АҚШ кинематографиясының әртісі елінің президентін ақлақтан жұрдай айлакер гансгтер деп атады.

Guardian газетінің хабарлауы бойынша, АҚШ кинематографиясының әртісі, режиссер, продюссер Роберт Де Ниро: "Гангстерлер белгілі бір ақлақтық принциптерге ие. Сіздер олардың кейбір әрекеттерін болжай аласыздар және қандай ақлақтық принциптерге берік екенін білесіздер. Ал АҚШ Президенті Дональд Трампта ақлақтық принцип мүлде жоқ.

Трамп – жеңіліс тапқан айлакер адам. Енді одан ешқандай үміт жоқ",-деді.

Бұл сыншы біраз бұрын Трампты түрменің қызғылт киімімен көруге мүмкіндік болады деп болжады. Әлеуметтік желілердің қолданушылары бұған кең қолдау көрсетті.

Де Ниро, сондай-ақ, 2019 жылдың басындағы бір рәсімде Трампты нәсілшіл, "лағынетке ұшыраған ақымақ" деп сипаттап, оның ақпарат құралдарына шабуылын қатты сынады.