Трамп мұнайға қатысты жеңілдіктердің уақытын созбайтынын мәлімдеді
(last modified Tue, 23 Apr 2019 13:16:07 GMT )
Сәу 23, 2019 19:16 Asia/Almaty
  • Трамп мұнайға қатысты жеңілдіктердің уақытын созбайтынын мәлімдеді

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, 2018 жылдың тамыз және қараша айларында Иранға қарсы ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайта енгізетінін жариялады. Бұл санкциялардың бірінші кезеңі 6 тамызда, мұнайға қатысты санкциялары кіретін жаңа кезеңі 2018 жылдың қараша айында күшіне енді.

5 қарашадан бастап, Иранның мұнай экспортын толық тоқтататыны туралы уәж айтқан Вашингтон санкцияларын күшіне енгізуден бірнеше күн бұрын 8 елге Иранның мұнайын сатып алуға рұқсат беретінін жариялады. Әлемдік қоғамның мұнай нарығындағы өзгерістерге алаңдаушылығына қарамастан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео дүйсенбі күні АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз түрде шығуының жылдығы қарсаңында Ақ үйдің Иранға қарсы саясаттарына сүйеніп, ешбір мемлекетке Ираннан мұнай сатып алуға рұқсат берілмейтінін жариялады. АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранға мұнайын сатқызбау және басқа елдерге Иранмен қаржы, банктік, сауда және экономикалық байланыс жүргізуге тыйым салу, соңында Иранның экономикасын құлдырату болып табылады. Иранның мұнайына эмбарго салу және бұл әрекет салдарынан мұнай нарығында мұнайдың азаюы мен мұнай бағасының көтерілуіне себеп болады. Бұл әрекеттің нәтижесінде АҚШ-тың өзінде бензиннің бағасы бұрын-соңды болмағандай қымбаттап, Трамп үкіметіне қарсы наразылықтарды арттырады.

Түркия мен Қытай секілді мемлекеттер Иранан мұнай сатып алуды жалғастыратынын қуаттады. Тіпті, АҚШ-тың санкциялары бұл елдерді өз шешімін өзгертуге мәжбүрлей алмайды деген ой туады. Трамп үкіметі Иранның мұнай экспортының мөлшеріне шектеу қоятын болар, бірақ мүлдем тоқтата алмайды. Өйткені, АҚШ барлық мұнай тұтынушыларын Ираннан мұнай сатып алмауға көндіре алмайды. Иран мұнайының ең ірі сатып алушылары Қытай мен Үндістан Теһранмен кең ауқымды қарым-қатынастарға ие және Иранның  энергетикалық ресурстарына тәуелді.  Әрине, АҚШ қытайлық немесе үнділік мұнай импортерлеріне қарсы қоқан-лоққы көрсете алмайды. Сонымен қатар әлемдік нарықтың Иран мұнайынан айырылуы мұнай бағасының қымбаттауына себеп  болады. Мұнай мәселесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы санкция салуымен күшейген  болатын. Ливия мен Алжирдегі мұнай өндірісіне қатысты алаңдаушылықтар әлемдік мұнай бағасының  артуына жеткізді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Риядтың Вашингтонға әлемдік нарықтағы Иран мұнайының орнын толтыруға уәде бергені  туралы уәж айтты. Осындай жағдайда "Сауд Арабиясының бұл істі атқаруға қабілеті жете ме?" деген сұрақ туады. Бәрінен маңыздысы – "Мұнай саласындағы санкциялар Иранның АҚШ-қа бағынуына себеп бола ма?" деген сұрақ. Әрине, бұл сұрақтың жауабы анық: Иран бағынбайды.