Зариф: Иран мұнай экспортын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/world-i41919-Зариф_Иран_мұнай_экспортын_жалғастырады
Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездескеннен кейін тілшілердің алдында әлемдік қауымдастықтан АҚШ-тың біржақты заңсыз шешімдеріне қатысты реакция білдіруді сұрап, Иранның мұнай экспортын жалғастыратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 25, 2019 17:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мұнай экспортын жалғастырады

Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездескеннен кейін тілшілердің алдында әлемдік қауымдастықтан АҚШ-тың біржақты заңсыз шешімдеріне қатысты реакция білдіруді сұрап, Иранның мұнай экспортын жалғастыратынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Иран халқының АҚШ-тың қысымдарына ешқашан тізе бүкпейтінін айтып: "АҚШ қысым арқылы Иранмен келісімге келе алмайды",-деп баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан заңсыз шығуына тоқталып: "АҚШ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын ғана бұзып қойған жоқ, басқа елдерді де осы қарарды бұзуға итермелеуде.

Тарихта бірінші рет біреу "Егер заңды сақтасаңыздар, жазаланасыздар" деп ашық түрде  қоқан-лоққы  жасап отыр",-деді.