АҚШ абақтылардағылармен алмасу туралы ұсынысқа біржақты ұстаным білдірді
Сәу 26, 2019 16:42 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Зариф америкалық басшылардың бірінен абақтыларда қамалғандармен алмасу туралы хат алғанын, бірақ Вашингтонның бұл ұсынысқа біржақты ұстаным білдіргенін мәлімдеді.
Мохаммад Джавад Зариф АҚШ-тың абақтылар істері жөніндегі арнайы өкілі Роберт Брайнның Ирандағы америкалық тұтқындарды азат ету туралы хатына қатысты сөзінде: «Бұл хаттың мазмұны біржақты болды. Иран алты ай бұрын АҚШ-қа тұтқындарды айырбастау туралы ұсыныс жасаған болатын»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі сәрсенбі күнгі Нью-Йорктегі азиялық қауымдастықтың отырысында АҚШ пен Иранның абақтыларында қамауда жатқан тұтқындарымен алмасуды ұсынды.
Тегтер