БҰҰ АҚШ-тың Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасынан шығуын сынады
БҰҰ сенбі күні таңертең АҚШ үкіметінің Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасынан шығуға шешім қабыдағанын сынады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Стефан Дуджарик мәлімдеме жасап, Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасын (АТТ) халықаралық қару саудасын бақылауды жақсарту мақсатында құрылған әлемдік деңгейдегі жалғыз құрал деп атады.
Осындай жағдайда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси Трамптың Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасынан шығуын қате, АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне қайшы шешім деп сипаттады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні өткен осы елдің Ұлттық қару қоғамының отырысында Вашингтонның Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасынан шығатынын мәлімдеді.
Халықаралық қару-жарақ саудасы хаттамасының мақсаты 70 млрд долларлық айналымы бар қару-жарақ саудасын реттеп, қару-жарақтарды адам құқығын бұзушылардан алшақ ұстау болып табылады.