Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі бүгін Теһранға келеді
(last modified Sun, 28 Apr 2019 09:26:21 GMT )
Сәу 28, 2019 15:26 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі бүгін Теһранға келеді

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін, жексенбі күні Теһранға келетінін хабарлады.

Мохсен Асади Лари IRNA-ға берген сұхбатында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің Иранға сапармен келетінін, Елжан Біртановтың Теһран сапарының Иран мен Қазақстанның өте жақсы әріптестігі аясында және екі ел жауапты тұлғаларының үйлесімді әрекеттері арқасында жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

Асади Ларидің айтуынша, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің алғашқы бағдарламасын Теһранның оңтүстігіндегі бір емхананы аралап, содан соң дүйсенбі күні Киш аралындағы әлемдік денсаулық сақтау кешенінде аймақтық отырысқа қатысу деп атады.

Ол Иран мен Қазақстанның денсаулық сақтауға қатысты ғылым мен білім, медицина, технология, фармацевтика және денсаулық туризмі саласында әріптестік жасауға қолайлы әлеуеттерге ие екенін баса айтты.