Зариф Иранмен қақтығысудың салдарлары туралы ескертті
Сәу 30, 2019 16:02 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Егер АҚШ Иранмен әскери қақтығысқа баратын болса, ешкім аман қалмайды»,- деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте берген сұхбатында: «Трамп үкіметінде Иранды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуды көздеп, түрткі саясат жүргізетіндер бар. Алайда Иранмен қақтығыстыруды көздейтін сұм жобалар аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін қатерлі»,- деді. Зариф Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі және сионистік режимнің АҚШ пен Иранды соғыстыру жолындағы талпыныстарына тоқталып, егер аймақта әскери қақтығыс болса, ешкім аман қалмайтынын қуаттады.
Тегтер