АҚШ-тың қоқан-лоққыларының мақсаты – Палестина мәселесінен бұрмалау
БҰҰ-дағы ИИР тұрақты өкілі Тахтраванчи әлемдік қоғамнан АҚШ пен одақтастарының Палестина мәселеснен бұрмалау мақсатындағы қоқан-лоққыларымен қарсыласуды сұрады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Маджид Тахтраванчи дүйсенбі күні Таяу Шығыс және Палестина мәселелері туралы өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: «Израильді қолдау – АҚШ-тың сыртқы саясатының негізі. Сондықтан Вашингтон оған табанды болу үшін тіпті халықаралық құқықтар мен заңдарды бұзып отыр. Аймақ дағдарысы бір елдің жерін басып алумен басталды. Шешім жолы да басқыншылықты аяқтаумен тоқтайды»,- деді. Ол сондай-ақ, АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимге қысым көрсету қарарларына вето құқығын сан рет қолданғанына тоқталып: «Бұл жағдайдың салдарынан сионистік режим өзінің билеп-төстеу саясаттарын арсыздықпен іске асыруға әрекет жасап жатыр»,- деді.