АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы шараларын жалғастыруда
АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы жаңа бір шарасында мәлімдеме жасап, 4 мамырдан бастап Бушер АЭС-ін қазіргі реакторлардан көбірек кеңейтуге, табиғи уранның есесіне байытылған уранды Ираннан экспорттау жұмыстарына көмектесуге санкция салыну ықтималдығын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, жұма күнгі бір мәлімдемесінде Вашингтонның Иранға берілген межеден артық өндірілген ауыр суды жинауға рұқсат бермейтінін айтты.
"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша, Иранға уранды 3,67 пайызға байытуға рұқсат берілген. Алайда АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл мәлімдемеде ИИР-нан барлық уран байыту жұмыстарын тоқтатуды талап етті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл шешімдердің Иранды ядролық қаруға қол жеткізу жолдарынан айыру үшін қабылданғаны туралы күлкілі уәж айтты.
АҚШ осындай мәлімдеме жасау арқылы іс жүзінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалған елдерге халықаралық келісімнің баптарын орындауға, соның ішінде Иранның артық ауыр суын Оманға тасымалдауды жеңілдетуге, байытылған уранды уран тотығына айырбастауға және Ресейдің Бушер АЭС-ін дамыту саласында әріптестік жасауына тыйым салды.