Мадуро АҚШ-тың шабуылымен күресу үшін елінің армиясын дайын жағдайға келтіруді сұрады
Венесуэла Президенті Николас Мадуро сенбі күні ел армиясынан АҚШ-тың ықтималды шабуылына төтеп беруге дайын болуды сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Николас Мадуро өз елінің әскерилері алдында сөз сөйлеп: «Бір күні АҚШ империясы Венесуэлаға шабуыл жасай қалған жағдайда оған қарсы тұруға дайын болыңыздар»,-деді.
Америкалық ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік командасы жоғары мүшелерінің Венесуэлаға қарсы әскери таңдау жолын талқылағанын хабарлады.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон, Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Қорғаныс министрлігінің жетекшісі Патрик Шэнахэн осы отырысқа қатысты.
АҚШ қайраткерлері, соның ішінде Трамптың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон соңғы күндері бірнеше рет Венесуэла үкіметіне әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасады.
АҚШ пен оның одақтастары Венесуэла үкіметінің оппозиционерлерін қолдап, бұл елде төңкеріс жасауды көздеп отыр.