Болтон АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауға қауқарсыздығын мойындады
(last modified Mon, 06 May 2019 08:46:33 GMT )
Maм 06, 2019 14:46 Asia/Almaty
  • Болтон АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауға қауқарсыздығын мойындады

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі кеңесшісі Болтон АҚШ-тың Иранмен әскери текетіресуге күші жетпейтінін мойындады.

CNBC ақпарат арнасының мәліметі бойынша, Иранға төтенше шабуыл жасау және аймаққа ұшақ тасымалдайтын кеме аттандырумен қоқан-лоққы жасаған Джон Болтонның сөзінен шегіну байқалып: «Теһранға ескерту жасаймыз, бірақ соғысқымыз келмейді», - деді.

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі бұдан бұрын АҚШ-тың «USS Abraham Lincoln» кемесін аймақта орналастыратынын хабарлаған болатын.

Трамп үкіметінің басшылары Иранға қарсы ұстаным білдіріп, уәж айтуды қоймай отыр. ИИР басшылары да АҚШ-тың кез келген соғысқұмар әрекетіне реакция білдіретіндерін әрдайым қуаттап келеді.