Трамп пен Помпео Рамазан айының басталуымен құттықтады
АҚШ Президенті мұсылмандарды Рамазан айының келуімен құттықтау түріндегі аяр әрекетінде бұл айды пікірлес әрі құрметті қоғам құратын ынтымақтастық үшін үлкен мұрсат деп атады.
ISNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жексенбі күні Ақ үйдің веб-сайтында жарияланған Дональд Трамптың жолдауында ораза тұту және адамдарға жақсылық жасау Рамазан айындағы мұсылмандардың міндеті деп көрсетілді. Трамптың құтттықтау жолдауы ол исламдық жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салып, бұл шешімі мұсылмандар мен адам құқығын қорғайтын ұйымдардың қатты сынымен бетпе-бет келген жағдайда жарияланды.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео да өз жолдауында АҚШ-тың іші мен сыртындағы мұсылмандарды Рамазан айының келуімен құттықтады. Кейбір ислам мемлекеттері, соның ішінде Ливан, Кувейт, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Катар, Ливия, Ауғанстан мен Малайзия бүгін, 6 мамырды Рамазан айының басталуы деп жариялады. ИИР, Ирак, Пәкістан, Қытай, Аустралия мен Жаңа Зеландияда қасиетті Рамазан айы ертең, сейсенбі күні басталады.