Зариф: Иран мен Ресейдің ядролық ынтымақтастығы жалғасады
https://itolqyn.com/news/world-i42055-Зариф_Иран_мен_Ресейдің_ядролық_ынтымақтастығы_жалғасады
Иранның Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың шараларына қарамастан, Иран мен Ресейдің Бушер АЭС-і мен Форду ядролық нысанына қатысты әріптестігі жалғасады»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 09, 2019 12:29 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран мен Ресейдің ядролық ынтымақтастығы жалғасады

Иранның Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың шараларына қарамастан, Иран мен Ресейдің Бушер АЭС-і мен Форду ядролық нысанына қатысты әріптестігі жалғасады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Мәскеуде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен ортақ баспасөз конференциясында Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы кейбір шараларды тоқтатуының АҚШ-тың соңғы санкцияларымен күресу үшін жасалғанын айтып: «Америкалықтар аймақтағы жағдайды бұзды. Аймақта ешбір ел АҚШ-тың негізсіз сөздеріне сенбейді»,-деді.

Зариф Иранның қақтығысты қаламайтынын, бірақ АҚШ-тың өз саясатынан бас тартуы керектігін айтып: «Америкалықтар аймақта бүлік шығаруды көздеп отыр»,-деді.  

Иранның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ,  АҚШ-тың Сирия дағдарысын шешудегі бүлдіргі әрекеттеріне тоқталып: «Сирия үкіметі мен сириялық наразылар осы елдің конституциялық комитетін құру жөнінде келісімге келді, бірақ АҚШ пен басқа бірнеше ел бұл істің орындалуына кедергі болып отыр»,-деді.