Еуропа Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты шарасына реакция білдірді
(last modified Thu, 09 May 2019 08:55:05 GMT )
Maм 09, 2019 14:55 Asia/Almaty
  • Еуропа Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты шарасына реакция білдірді

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы (JCPOA) 2015 жылы шілдеде Вена қаласында Иран мен алтылық топ арасында қабылданып, 2016 жылдың қаңтарында орындала бастады. АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында бұл келісімнен шыққаннан кейін ИИР бестік топ, әсіресе Еуроодаққа мүше үш елдің АҚШ қайта салған ядролық санкциялардың әсерлерін азайту саласында өз міндеттемелерін орындайды деп күтті,

бірақ іс жүзінде өткен бір жылдың ішінде кейбір символдық әрекеттер мен көптеген уәделерден басқа еуропалықтар тарапынан шара қолданылмады. 

АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы шараларына және Еуропаның әрекетсіз ұстанымына жауап ретінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі 2019 жылдың 8 мамырында мәлімдеме таратып, Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының кейбір тармақтарын орындауды тоқтататынын хабарлады. ИИР Президенті Хасан Рухани да сәрсенбі күні АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы мен санкциялардың қайта салынғанына реакциясында байытылған уран мен ауыр суды сатудың 60 күнге тоқтатылғанын хабарлап: «Егер еуропалықтар осы аралықта өз міндеттемелерін орындауға тырысса, біз қазіргі жағдайға қайтып ораламыз. Ал егер 60 күн өткен соң еш нәтижеге жетпесек, келесі екі әрекетті бастаймыз»,-деп мәлімдеді.

Иранның бұл шарасы Еуропаның шұғыл реакциясын тудырды. Францияның Қорғаныс министрі Флоранс Парли сәрсенбі күні Иранның қарымта шарасына реакциясында: «Париж Иранның ядролық келісімінің сақталуын қалайды»,-деді. Ол Иранның осы келісімнен шығуынан жаман нәрсе жоқ екенін айтып,  Франция басшылары атынан Теһран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуға ниеттенген жағдайда Еуропаның санкциялары қайта салыну ықтимал деп ескертті. Парли Еуропаның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтауды мақсат тұтатынын айтты.

Франция басшыларының уәждеріне қарамастан,  шындық мынада: Еуропа өткен бір жылдың ішінде Иранға тек ұзын сонар уәделер беріп, INSTEX деп аталатын Иранмен арнайы қаржы механизмін ойлап тапты, бірақ ол әлі күнге дейін іске қосылмады. Еуропалықтар Ираннан АҚШ-тың осы келісімнен заңсыз шыққанына қарамастан, Еуропа уәделерінің орындалатынына үмітпен қарап, осы келісімге берікті сақтауды сан рет сұрады. Алайда Теһран іс жүзінде АҚШ санкцияларының орындалғанын және күшейе түскенін көрді. Олардың ең соңғысы Иран мұнайын сатып алушыларға берілген рұқсаттың күшін жою және Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында рұқсат етілген кейбір ядролық жұмыстарына санкция салу болды.

Бұл жағдайды жалғастыру Иранның ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне сай емес. Сол себепті Теһран  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты кейбір міндеттемелерінің күшін жою арқылы өзінің алғашқы қадамдарын жасады. Бұған қарамастан Иран ядролық келісімнен шығуды көздемейді және оның шаралары осы келісімнің 26-шы және 36-шы тармақтары аясында жасалып отыр.

Қазір доп бестік топ, әсіресе оның еуропалық мүшелерінің алаңында жатыр. Егер олар шынымен-ақ өз мүдделері негізінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтауды көздесе, Иранға берген уәделерін тез арада орындауға тырысады. Иран әлемге өз міндеттемелеріне берік екенін дәлелдеді. Енді әлемнің Иран алдындағы міндеттемелерін орындайтын кезі келді.