Болтон АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізгісі келетіні туралы уәжденді
(last modified Fri, 10 May 2019 12:00:34 GMT )
Maм 10, 2019 18:00 Asia/Almaty
  • Болтон АҚШ-тың Иранмен  келіссөз жүргізгісі келетіні туралы уәжденді

Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандылығын ақтап, бұл ұстанымның мақсатын Иранды келіссөзге мәжбүрлеу деп атады.

 

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ үкіметіндегі Иранға қарсы басшыларының бірі Джон Болтон бейсенбіде Иранға қарсы  уәжденіп, Твиттердегі парақшасында: «Иран басшылары іс-қимылдарын өзгертіп, келіссөзге оралғанша, Вашингтон қысымдарын жалғастырады»,- деп жазды.

АҚШ үкіметі 2018 жылдың 8 мамырында келісімді әшкере бұзып, ядролық мәселеге қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімнен шығып, Иран халқының күнделікті тұрмысына қарсы бір жыл бойы залым санкцияларды енгізіп отырған жағдайда Болтон  келіссөздер туралы айтуда.