Зарифтың Түркіменстан сапары – екіжақты саяси-экономикалық қарым-қатынастардың дамуын қуаттау
https://itolqyn.com/news/world-i42101-Зарифтың_Түркіменстан_сапары_екіжақты_саяси_экономикалық_қарым_қатынастардың_дамуын_қуаттау
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф елінің саяси-экономикалық жоғары лауазымды қайраткерлері делегациясын басқарып, Түркіменстан астанасы Ашхабатқа сапармен аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 13, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Зарифтың Түркіменстан сапары – екіжақты саяси-экономикалық қарым-қатынастардың дамуын қуаттау

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф елінің саяси-экономикалық жоғары лауазымды қайраткерлері делегациясын басқарып, Түркіменстан астанасы Ашхабатқа сапармен аттанды.

 

Иран Сыртқы істер министрі бұл сапарында Түркіменстан басшыларымен кездесіп, екіжақты саяси, сауда, көлік, энергетика, кедең, сондай-ақ аймақ пен әлемдегі өзгерістер туралы сөйлеседі. Энергетика мен транзит салаларындағы ынтымақтастықтардың жаңа мүмкіндіктерін табу - екі елдің қарым-қатынастарындағы маңызды тақырыптардың бірі. Бұл екі сала ынтымақтастық стратегиялық маңызға ие. Газ  экспорты мен Иран-Қазақстан-Түркіменстан елдерінің үшжақты мұнай құбырын Каспий теңізінің жағалауына дейін тарту энергетика саласынджағы екіжақты және жан-жақты ынтымақтастықтарға жағдай тудырды. Енді екі мемлекет  мұнай мен газ экспорты және транзит салаларында ынтымақтастық ете алады. Тауар транзиті саласында Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы Орталық Азияны солтүстік-оңтүстік дәлізі арқылы және Чабахар портын пайдаланып, Парсы шығанағы, Омман теңізі мен Үнді мұхитына  қосты. Бұл темір жол тауарлар транзиті үшін жақсы мұрсат болды.

2014 жылы 920 километрлік  Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолының Каспий теңізінің солтүстік-оңтүстік темір  жол дәлізі ретінде іске қосылуы және оның шамамен 700 километрінің Түркіменстан жерінен өтуі Теһран-Ашхабад ынтымақтастықтарын арттыруға жаңа мүмкіндіктердің бірін көрсетті.  Екі елдің қарым-қатынастарына шолу жасап: "Иран мен Түркіменстан бір жақтан тарихи, мәдени және қоғамдық байланыстарға, басқа жақтан саяси және экономикалық маңызға ие",- деп айтуға болады. Осы салада ИИР Президенті Хасан Руханидің өткен жылғы Түркіменстан сапарында екіжақты жақсы келісімдерге қол қойылды. Олардың бірі мұнай мен газ салаларындағы ынтымақтастықтарды дамыту келісім болды. Осы кезде Қытайдың азиялық, әсіресе Орталық Азия мен Батыс Азия аймақтарындағы өзінің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету стратегиясының дамуына және Қытайдың ең ірі мұнай импортеріне айналуына байланысты Иран мен Түркіменстан қарым-қатынастарының маңыздылығы екі есе артты.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары мен басқа елдердің Иран арасындағы қарым-қатынастарына саяси қысым көрсетуі аймақ стратегияларындағы Иранның маңызды рөлін көрсетеді. Сондықтан Иран Сыртқы істер министрінің Ашхабад сапарындағы келіссөздері екіжақты мәселелермен бірге энергоресурстар экспортының қауіпсіздігінің  маңыздылығына да қатысты болады.