Майк Помпеоның Иранға қарсы уәждері жалғасуда
(last modified Tue, 14 May 2019 08:36:20 GMT )
Maм 14, 2019 14:36 Asia/Almaty
  • Майк Помпеоның Иранға қарсы уәждері жалғасуда

АҚШ Мемлекеттік хатшысы: «Вашингтон Иранмен соғысуды көздемейді, оның мақсаты – Теһранның әрекетін өзгерту»,- деп уәжденді.

Sky News-тің мәліметінше, Майк Помпео сейсенбі күнгі сөзінде Иранның АҚШ ядролық мәселеге қатысты келісімнен шықпаған кезіндегі іске асырған әрекеттеріне тоқталып: «АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранды өз әрекеттерін өзгертуге мәжбүрлегісі келеді. Иран Батыс Азия аймағындағы тұрақтылықты бұзушы, біздің мақсатымыз бұл жағдайды өзгерту»,- деді.

Помпео бұл уәждерін Еуроодақ Сыртқы істер министрлері дүйсенбіде онымен кездесуінде АҚШ Мемлекеттік хатшысынан Вашингтонның Иранмен қайшылықтарын арттыруының алдын алуын талап еткен жағдайда айтуда.