Maм 14, 2019 19:56 Asia/Almaty
  •  Еуроодақ Сыртқы істер министрлері

Еуроодақ пен еуропалық үштік (Германия, Франция және Британия) әрқашан ядролық мәселеге қатысты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қолдап, оның іске асыру қажеттілігін қуаттады.

2018 жылдың мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққан соң Еуропа бұл келісімді сақтап қалу үшін берген уәделерін іске асыруды кейінгі қалдырып, Иранның реакцияларымен  бетпе-бет келген  еуропалықтар осы кезде аталмыш келісімді сақтап қалу саласында үлкен дағдарысқа тірелді. Бұл мәселеге қатысты кеше 13 мамырда Брюссельде Еуроодаққа мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті. Отырыстың соңында өткен баспасөз брифингте Федерика Могерини: "Бұл отырыста еуропалық елдермен INSTEX-ты іске қосып, оның  алғашқы операциясын  алдағы бірнеше аптада іске асыру туралы пікір алмасу өтті. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Иранның табандылығын растады. Бұл Агенттік Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін растайтын жалғыз орган",- деді. Ол Иран мен АҚШ арасындағы қайшылықтарға тоқталып, әскери қақтығыстың алдын алу үшін ұстамдылық сақтау қажеттілігін қуаттады. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысының ұстанымы бұл еуропалық ұйымға мүше елдердің еркі-жігері мен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының Еуропа үшін маңызды екенін белгісі.  Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды болмады деп уәжденетін және аталмыш келісімді Иранның ядролық жұмыстарын қадағалайтын келісім деп санамайтын Америкаға керісінше Еуропа Иран ядролық келісімдегі міндеттемелерін орындады және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  аймақ пен халықаралық деңгейдегі қайшылықтардың алдын алу сынды мақсатына жетті деп санайды. Еуропалықтардың пікірінше, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы  Еуропаның маңызды дипломатиялық жетістігі болып табылады. Сондықтан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының сәтсіздікке ұшырауы Еуроодақтың халықаралық деңгейдегі саяси және дипломатиялық сәтсіздігі болады. Трамп үкіметінің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы қастықтары мен бұл келісімнің күшін жою талпынысына ыза еуропалықтар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның күтпеген жағдайда Сыртқы істер министрлері отырысына қатысуы еуропалық елдер министрлерінің немқұрайдылығымен бетпе-бет келді. Не дегенімен еуропалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін сондай қаржы жұмсауға дайын емес екендерін көрсетті.  Еуропалықтардың аталмыш халықаралық келісімдегі міндеттемелерін дер уаықтта орындамаудары Иранды өткен аптада кейбір міндеттемелеріне  берік болмауға мәжбүрледі. Иранның бұл шешімін Ресей қолдап, бұл елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: "Ядролық мәселеге қатысты келісімдегі кейбір міндеттемелерін орындамау Иранның кұқығы болды",- деді.

Қорыта айтқанда Иран Еуропаның жылдамырақ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындайды деп күтуде.

 

Тегтер