Америкалық сенатор Трамптың Иранға қарсы жаңа уәжіне реакция білдірді
АҚШ-тың Коннектикут штатының сенаторы өз елі Президентінің Иранға қарсы твитін сынады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Коннектикут штатының демократ сенаторы Крис Мерфи Трамптың Иранға қарсы твитін «баланың қоқан-лоққысы» деп атап, Твиттердегі өз парақшасында: «Қарулы күштер Бас қолбасшысы төртінші сыныптың оқушысы болса, тек осындай нәрселерді жазады»,- деп жазды.
АҚШ Президенті Иранға қарсы бос сөздерінің жалғасында Твиттердегі парақшасында: «Егер Иран соғысқысы келсе, соғыс бұл елдің ресми соңы болады. Еш уақытта Американы қорқытпаңдар»,- деп жазған болатын. Дональд Трамп сондай-ақ «Fox News» арнасына берген сұхбатында: «АҚШ бұрынғы Президенті Барак Обаманың Иранмен жасаған келісімі («Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы) сұмдық келісім болды. Егер Иранға қарсы соғысатын болсақ, бұл экономикалық соғыс болады»,- деді.
ИИР сан рет АҚШ-тың немесе оның аймақтағы одақтастарының әр ықтималды әскери қоқан-лоққысы мен шабуылына қатаң жауап қайтаратыны туралы қуаттады.