Ресей, Германия және Франция басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттады
(last modified Wed, 22 May 2019 08:40:55 GMT )
Maм 22, 2019 14:40 Asia/Almaty
  • Ресей, Германия және Франция басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу қажеттігін қуаттады

Ресей мен Франция Президенттері және Германия Канцлері телефон арқылы сұхбаттасып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу және Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарды жалғастыру қажеттілігін қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Кремль сейсенбі кешке шығарған мәлімдемесінде: «Ресей Президенті Владимир Путин,  Германия Канцлері Ангела Меркель мен Франция Президенті Эммануель Макрон телефон арқылы сұхбаттасып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қорғау саласындағы негізгі фактор деп тауып, Иранмен экономикалық ынтымақтастықтарын арттыратыны туралы жариялады.  

АҚШ заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Германия, Британия мен Франция Иранның экономикалық мүдделерін қамтамасыз етіп, аталмыш келісімді сақтап қалатындары туралы уәде берген болатын. Бірақ бұл елдер АҚШ әрекеттеріне қарсы сөз және саяси табандылығын білдіргенімен, осы күнге дейін келісімді сақтап қалу үшін іс жүзінде еш шара қолданбады.

 

Тегтер