Зариф: АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық соғысының лаңкестіктен еш айырмашылығы жоқ
(last modified Thu, 23 May 2019 09:14:47 GMT )
Maм 23, 2019 15:14 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық соғысының лаңкестіктен еш айырмашылығы жоқ

Иран Сыртқы істер министрі бір америкалық ақпарат құралына берген сұхбатында: «АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық соғысының іс жүзінде лаңкестіктен еш айырмашылығы жоқ»,-деп қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф CNN телеарнасына берген арнайы сұхбатында: «АҚШ Президенті Дональд Трамп жуырда Иранмен экономикалық соғыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Экономикалық соғыс Иран халқын нысанаға алу деген мағынаны береді, яғни ол бейбіт азаматтарды нысанаға алып, оларды өмірге қажетті заттардан мақұрым етуге талпынуда. Мұндай іс лаңкестікпен бірдей»,-деді.

Зариф Иранның АҚШ-тың қазіргі саясаттарын қалай түсінетіні туралы айтып: «АҚШ-та көптеген адамдар айтып жатқандай, мәселе мынада: бұл елдің қазіргі үкіметінде жалпы сыртқы саясат жоқ. Олар өздерінің сыртқы саясатын ішкі саясатпен салыстыру негізінде қалыптастырған. Ішкі саясат сыртқы саясатқа айнала алмайды»,-деді.

Иран Сыртқы істер министрі Теһранның лаңкестікке қолдау көрсететіні туралы уәждерге реакциясында: «АҚШ пен оның одақтастары Батыс Азия аймағында әл-Каида, Талибан, ДАИШ пен ән-Носрат майданына қолдау көрсетіп отыр. Ал Иран ДАИШ пен әл-Каидаға қарсы тұрып, олармен соғысты»,-деді.