АҚШ UNRWA-ның жабылуын талап етті
АҚШ-тың Батыс Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Джастин Гринблат сәрсенбі күні Палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыспен қамту агенттігінің (UNRWA) жабылуын талап етті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Гринблат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Батыс Азия аймағы туралы отырысында UNRWA атқаратын қызметтердің халықтық ұйымдар мен палестиналық босқындарды қабылдайтын елдерге тапсырылатын кездің жеткенін мәлімдеді.
АҚШ-тың Батыс Азия істері жөніндегі арнайы өкілі: "UNRWA-ның тәсілі Палестина халқының көңілін қалдырды",-деп уәж айтты.
Сарапшылардың айтуынша, Вашингтонның UNRWA-ға қаржылай көмек беруінің тоқтатылуы Дональд Трамптың палестиналықтарды "Ғасыр мәмілесі" деп аталатын жобаға көндіру үшін қысым жасау мақсатында атқарып жатқан саясаттарының бір бөлігі болып отыр.