Куреши: Пәкістан мен Қазақстанның сауда қатынасы 1 млрд долларға артады
Пәкістан Сыртқы істер министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысы аясында өзінің қазақ әріптесімен кездесіп, екіжақты сауда айналымын 1 млрд долларға арттыруға келіскендерін хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмұт Куреши Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы аясында өзінің қазақ әріптесі Бейбіт Атамқұловпен кездесіп, Пәкістан мен Қазақстан қарым-қатынасын жан-жақты арттыру қажеттігін айтып, өзара байланыстың барлық салаларда кеңейтілуін қалайтындарын білдірді.
Пәкістан Сыртқы істер министрі Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысында аймақта тұрақты қауіпсіздік орнатуға талпыныстар жасалу қажеттігін айтумен қатар, лаңкестікпен күресу және Қытаймен экономикалық дәліз ашуды маңызды деп атады.