Трамп Иран халқына тіл тигізді
(last modified Fri, 24 May 2019 12:51:35 GMT )
Maм 24, 2019 18:51 Asia/Almaty
  •  Трамп Иран халқына тіл тигізді

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2017 жылдың қаңтарында Ақ үйге енген соң, Иранның Ислам республика жүйесін әлсірету және құлдырату саясатты ұстанды.

Трамп Иран туралы өзінің соңғы ұстанымында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы бұрынғы ұстанымын қайталап, Батыс Азияға әскери күштерін көбірек аттандыру туралы қоқан-лоққы жасап, Иран халқына тіл тигізді. АҚШ Президенті Иран үшін «лаңкес халық» деген сөзтіркесті қолданып: «Олар – лаңкес халық, біз бұл мәселеге көнбейміз»,- деді. Трамп сөзінің жалғасында көптеген ирандықтарды танитыны және олардың керемет адамдар екені туралы айтып: «Бірақ бұл ел өте нашар жағдайда және мен билік басына келген кезде, олар лаңкестікті қолдаушылар болды»,- деді. Трамптың Иранға қарсы кекшіл сөздері оның Ислам республикасын сәтсіздікке ұшырату үшін ирандықтарды өзіне жақтас ете алмауына байланысты. Иран халқы Ислам республикасы жүйесіне табанды және АҚШ қастықтарына қарсы тұруға дайын екені туралы сан рет жариялаған болатын. Иран халқының ағымдағы 2019 жылдың 11 ақпанындағы Ислам революциясы жеңісі күні шеруіне жаппай қатысуы Трамптың әшкере ызасына себеп болды. Трам: «Ирандықтар көптен бері қиындықтармен бетпе-бет келуде, олар жақсы келешекке  ие болуға лайық»,- деп уәжденді. Трамп твитінде Иран халқына жанының ашитыны туралы уәжденді, бірақ осы кезде бұл халықты лаңкес деп айыптады. Бұл Трамп үкіметінің Иран халқына қайшы ұстаным білдіруінің белгісі. Не дегенімен Иран халқы өткен 40 жылда АҚШ-тың үгіт-насихаттары мен қысымдарының әсеріне түсіп, Ислам республикасы жүйесі мен өз тәуелсіздігінен айырылмайтынын, сондай-ақ Вашингтонның зорлық-зомбылықтарына бағынбайтынын дәлелдеді. АҚШ үгіт соғысы және бұрын-сонды болмаған экономикалық қысымдары және әскери қоқан-лоққысымен Иранды бағындырады деп ойлайды. Бұл салада Трамп үкіметі санкцияларды  құрал ретінде пайдаланып, Иран халқының тұрмысын нашарлатуға талпынуда. Сөйтіп Иранда тұрақсыздық пен тынышсыздық тудыруға талпынуда. АҚШ-тың бұл саясаты Иранның ішкі істеріне араласу болып, халықаралық құқы тұрғысынан халықаралық заңдар мен БҰҰ Жарғысына қайшы толық заңсыз әрекет саналады. Трамптың Иранға қатысты ұстанымы оның ирандықтарды танымайтынын көрсетті. Иранды оқшауланған әрі қысыммен бетпе-бет келіп отырған мемлекет ретінде көрсетуге талпынған Трамптың әрекеттеріне қарамастан, әлем осы кезде Вашингтонның араласушылығы мен  артық талаптарына Иранның табандылық білдіруі себеп болған Трамп үкіметінің кекшіл саясатынан  хабардар. АҚШ-тың Иранның жүйесін құлату саясаты ирандықтардың ұлттық бірлігі мен үстемшілдікке қарсы рухының артуына себеп болуда.