Помпео Йеменмен соғысып жатқан саудиялық коалицияға қару-жарақ жөнелтуін ақтауға талпынды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы сенбі күні бір мәлімдемесінде Конгрестің рұқсатынсыз Сауд Арабиясы, БАӘ мен Иорданияға асығыс қару-жарақ сату себебін Иранның аймаққа ықпалымен күресу деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Майк Помпео бұл қару-жарақтарды кеш жіберудің аталмыш елдердің қорғаныс жүйелерінің істен шығуына себеп болып, аймақта текетірестер күшейген кезде олардың тиісті қуатқа ие болмауына әкеліп соқтыру ықтималын айтып: «Бұл алаңдаушылық Конгрестің осы келісімшарттарды бекітуді бірнеше айға кешіктіргенінен кейін ушығып кетті»,-деді.
Америкалық ақпарат құралдары Дональд Трамптың жұма күні ресми түрде Иранмен текетірестердің күшеюін сылтауратып, Конгрестің заңдарын айналып өтіп, Сауд Арабиясы мен басқа елдерге бірнеше миллиард долларлық қару сату үдерісін тездетуді көздеп отырғанын хабарлаған болатын.