Дональд Трамп Иранмен келіссөз туралы уәж айтты
(last modified Mon, 27 May 2019 11:09:55 GMT )
Maм 27, 2019 17:09 Asia/Almaty

АҚШ Президенті Токияда Жапония Премьер-министрімен ортақ баспасөз конференциясында Вашингтонның қайшылықтарды шешу үшін Теһранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп Токияда Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен ортақ баспасөз конференциясында тілшілердің Жапонияның Иран мен АҚШ арасында келіссөз өткізу үшін араағайын болу ықтималы туралы сұрағына: "Жапонияның Иранмен қатынасы жақсы, сондықтан осы салада рөл ойнай алады",-деп жауап берді.

Трамп оның бұған қатысты қиындығының жоқтығын, Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізуге мүдделі екеніне сенетінін, сол себепті америкалықтардың да келіссөзді қалайтынын айтты.

АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізуді бастау туралы уәждері бұл елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы санкцияларды күшейтіп, Парсы шығанағы аймағында әскери күштерін арттырып, аймақта дағдарыс пен тынышсыздықтың туындауына себеп болған жағдайда айтылып отыр.