Ресейдегі исламдық елдер елшілері: Бейт әл-Мұқадас – Палестинаның мәңгі астанасы болып қалады
Дүниежүзілік Құдс күнінің қарсанында Ресейдегі исламдық елдер елшілері баспасөз отырыста өз елдерінің Палестинаны қолдайтындарын жариялады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейде өткен бұл баспасөз отырыста оған қатысушылар сионистік режимнің Палестинаның басып алынған жерлеріндегі қылмыстарын айыптап, Бейт әл-Мұқадастың Палестинаның мәңгі астанасы болып қалатыны және «Ғасыр мәмілесі» сынды сұм жоба мен АҚШ елшілігінің бұл қасиетті қалаға көшіру сынды шешімнің әлем мұсылмандары мен палестиналықтардың ерік-жігеріне нұқсан келтіре алмайтыны туралы қуаттады. Бұл отырысқа сондай-ақ Ирак елшісі Хейдар Мансур Хади, Палестина елшісі Абдолхафиз Нофал, Мәскеудегі Палестина мәдени орталығының басшысы Вафиқ әл-Шаер, Ресей мүфтилері кеңесінің орынбасары Раушан Аббасов және Бейт әл-Мұқадас мәдени орталығының басшысы Сергей Бабурин қатысты.