Зариф: Иран Жапониямен әртүрлі салаларда келіссөз жүргізуге дайын
(last modified Thu, 30 May 2019 09:13:33 GMT )
Maм 30, 2019 15:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Жапониямен әртүрлі салаларда келіссөз жүргізуге дайын

Иран Сыртқы істер министрі ИИР дің Жапониямен әртүрлі екіжақты және аймақтық салаларда келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Al‑Alam ақпарат арнасына берген сұхбатында Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің жақын болашақтағы Теһранға сапары туралы: «Жапония Премьер-министрінің Иранға сапары АҚШ үкіметінің қате саясаттары мен уағда бұзушылықтары салдарынан аймақта қалыптасқан өте қауіпті жағдайға қатысты ИИР‑дің көзқарастарын білдіруге берілген жақсы мұрсат болады»,‑деді.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай‑ақ, Иранның еуропалықтарға «ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін, әсіресе банк пен мұнайға қатысты міндеттемелерін орындауға берген 60  күндік мұрсатына тоқталып: «ИИР Президентіінің ядролық келісімде қалған елдер басшыларына жіберген хатында ашық түрде былай деп айтылған: еуропалықтар өз міндеттемелеріне қайтып оралған кезде ғана Иран өз еркімен қолға алып, жуырда тоқтатқан шараларын орындауды қайта бастауға  дайын»,‑деді.