Гонконг АҚШ-тың Иранмен мұнай саудасына қатысты қоқан-лоққысына жауап берді
https://itolqyn.com/news/world-i42308-Гонконг_АҚШ_тың_Иранмен_мұнай_саудасына_қатысты_қоқан_лоққысына_жауап_берді
Гонконг үкіметі ирандық танкерлерге осы елдің терминалында тоқтап, қызмет көрсетілуіне рұқсат бергені үшін АҚШ-тың бұл аймаққа санкция салатыны туралы қоқан-лоққысын теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 02, 2019 14:43 Asia/Almaty
  • Гонконг АҚШ-тың Иранмен мұнай саудасына қатысты қоқан-лоққысына жауап берді

Гонконг үкіметі ирандық танкерлерге осы елдің терминалында тоқтап, қызмет көрсетілуіне рұқсат бергені үшін АҚШ-тың бұл аймаққа санкция салатыны туралы қоқан-лоққысын теріске шығарды.

Гонконгтың «The Economic Journal» газетінің хабарлауы бойынша, Гонконг Сауда және экономикалық даму басқармасы кеше, сенбі күні мәлімдеме жасап, АҚШ-тың ирандық танкерлермен әріптестікті жалғастыруға қатысты ескертулеріне реакция білдіріп: «Гонконг тек БҰҰ тарапынан салынған санкцияларға ғана берік болып қалады. БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесі Иран мұнайы экспортына ешқандай шектеу қойған жоқ»,-деп мәлімдеді.

Гонконгтың Сауда және экономикалық даму басқармасы бұл мәлімдемеде: «Кейбір елдер басқа елдерге қарсы біржақты санкциялар салуы мүмкін, бірақ бұл санкциялар БҰҰ Қауіпсіздік  кеңесі санкцияларының аясына кірмейді. Сондықтан Гонконг үкіметі оларды орындамайды»,-деді.