Помпеоның АҚШ үкіметінің де «Ғасыр мәмілесінің» нәтижеге жететініне сенбейтіні туралы ресми емес сөздері әшкереленді
(last modified Mon, 03 Jun 2019 08:28:27 GMT )
Маусым 03, 2019 14:28 Asia/Almaty
  • Помпеоның АҚШ үкіметінің де «Ғасыр мәмілесінің» нәтижеге жететініне сенбейтіні туралы ресми емес сөздері әшкереленді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы бейресми орталардың бірінде: ««Ғасыр мәмілесі» жобасының нәтижеге жетпеу ықтималы көп»,- деді.

«Вашингтон пост» газетінің мәліметінше, Майк Помпео бейресми топтардың бірінде тіпті Ақ үй басшыларының, олардың ішінде оның өзінің «Ғасыр мәмілесі» жобасына соншалықты сенбейтіндері, өйткені бұл жобаның тек Израиль мүдделерін қамтамасыз етуді көздейтіні туралы айтты. Бірақ Помпео палестиналықтар бұл жобаны  бірден жоққа шығармас деп үміттенді. Помпео: «АҚШ-тың қазіргі үкіметінің бұл мәселені шешетін ешбір кепілі жоқ. Бірақ мен барлық тараптың шынайы әрекеттесетіндеріне үміттімін»,- деп қосты. Содан соң АҚШ Мемлекеттік хатшысы аталмыш жобаның біржақты болуын мойындап: «Бұл тек израильдіктер қолдайтын келісім болады»,- деді.

АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасы бойынша, қасиетті Құдс қаласы сионистік режимге тапсырылады, басқа елдердегі палестиналық босқындардың еліне қайтып оралу құқығы болмайды, Палестинаның меншігінде тек Йордан өзеңінің батыс  жағалауы мен Газа секторында бос қалған жерлер ғана болады.  

 

Тегтер