Ұлыбританияда имам Хомейнидің (р.) әділет, руханият және рационализм туралы ойлары талқыланды
(last modified Tue, 04 Jun 2019 08:50:17 GMT )
Маусым 04, 2019 14:50 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияда имам Хомейнидің (р.) әділет, руханият және рационализм туралы ойлары талқыланды

Лондондағы Уэмбли ислам орталығының басшысы руханиятты имам Хомейни (р.) тұлғасының басты ерекшелігі деп таныстырып, басқа қасиеттер мен қабілеттердің содан бастау алғанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Уэмбли ислам орталығының басшысы Аббас Нақави дүйсенбі күні ИИР-дің негізін қалаушының қайтыс болғанына 30 жыл толу рәсімінде имам Хомейнидің (р.) мінез-құлқындағы тұлғалық қырларын, соның ішінде қарапайым өмір сүруі мен тақуалығын руханияттың әсер етуінен туындаған қасиеттер деп атап, имамның әділеттік талап етуі мен зұлымдықпен күресуін оның маңызды тұлғалық қырларының бірі деп таныстырды.

«Ахл-е бейт» ислам орталығының басшысы Сейіт Ғасем Джалали имам Хомейниді(р.) барлық эпистемологиялық және сопылық ерекшеліктерді бойына жинаған тұлға деп сипаттады.

Ұлыбритания ислам орталығының басшысы Мұхаммадәли Шомали де руханият, рационализм мен әділеттікті талап етуді шиіттер мен Ахл-е бейт мектебінде басын біріктіруге талпыныс жасалып жатқан негізгі қасиеттер деп атады.