Зариф: Саудиялық коалцияға қару-жарақ сату үдерісі тоқтатылуы керек
ИИР Сыртқы істер министрі сейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында араб елдерінен Йемен халқының қырып-жойылуына себеп болып отырған саудиялық коалцияға қару-жарақ сату үдерісін тоқтатуды сұрады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф: «Батыс халқы мен заң шығарушылары саудиялық коалцияның Йеменге қарсы соғысынан туындаған гуманитарлық апатты тоқтатуды талап етіп отыр, бірақ олардың үкіметтері Йеменде соғыс қылмыстары жасалуын қолдап, күн сайын көбірек қару жіберіп жатыр»,-деп еске салды.
Зариф, сондай-ақ, Иранның Йемен дағдарысын саяси жолмен шешуге талпынып жатқанын айтып: «Бұл талпыныстар осы уақытқа дейін сан рет Батыс елдері тарапынан теріске шығарылды»,-деді.
Халықаралық ұйымдар мен адам құқығын қорғау органдары осы күнде дейін бірнеше рет АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция мен саудиялық коалцияны қолдайтын басқа елдерден Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге қару-жарақ экспорттауды тоқтатуды сұрады.
Басқыншы саудиялық коалция Батыстың қару-жарақтарын Йеменнің қорғансыз халқын қырып-жою үшін қолданып жатыр.