Еуропа университеттері ұстаздары сионистік режимге қарсы санкция енгізуді талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i42360
Еуропа университеттерінің ұстаздары мен зерттеушілері Еуропа комиссиясына хат жолдап, Еуроодаққа мүше елдерден Израильге қару-жарақ сату мен сатып алуды тоқтатуды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 07, 2019 14:19 Asia/Almaty
  • Еуропа университеттері ұстаздары сионистік режимге қарсы санкция енгізуді талап етті

Еуропа университеттерінің ұстаздары мен зерттеушілері Еуропа комиссиясына хат жолдап, Еуроодаққа мүше елдерден Израильге қару-жарақ сату мен сатып алуды тоқтатуды талап етті.

«Анатоли» ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Еуропа университеттерінің 150 ұстазы мен зерттеушісі Еуроодақ комиссиясына хат жолдап, бұл Одақтан Израильге  қару-жарақ сату мен сатып алуды және бұл режимнің зертту жобаларына қатысуын тоқтатуды талап етті.  Бұл хатта: «Израиль адам құқығын әшкере бұзуды тоқтатпағанша, бұл режимге қару-жарақ сату мен сатып алуға санкция енгізуді талап етті»,- деп айтылды. Еуропалық ұстаздар бұл хатында еуропалық азаматтардың зерттеулер үшін төлейтін салықтары мен «Horizon Europe» деген жобаға тоқталып: «Израильдің бұл жобаға қатысуы Еуроодақтың құныдылықтарына қайшы келеді»,- деп жазды.