Мусави: АҚШ Иранға салған санкцияларынан көздеген мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізбейді
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Қаржы министрлігінің Иранның мұнай-химия компанияларына санкция салғанын айыптап: "АҚШ Иранға салған санкцияларынан көздеген мақсаттарының ешқайсысына қол жеткізбейді",-деді.
АҚШ Қаржы министрлігі жұма күнгі мәлімдемесінде Иранның мұнай-химия саласына қатысты 39 компанияны санкция тізіміне енгізгенін хабарлады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сейіт Аббас Мусави сенбі күні АҚШ-тың барынша қысым жасау саясатының жеңіліс тапқан саясат екенін және осы елдің бұрынғы басшысы тарапынан сан рет сынақтан өткізілгенін айтып: "АҚШ Қаржы министрлігінің ирандық мұнай-химия компанияларына санкция салуға қатысты жаңа шарасы – экономикалық лаңкестіктің дәлелі. Бұл шара Ақ үйдің Иран халқына жауластығының жалғасып жатқанын көрсетеді",-деді.
Мусави, сондай-ақ, кейбір америкалық қайраткерлердің Иранмен келіссөз жүргізу туралы уәждерін алдамшы, шынайы емес, тек қоғамдық пікірдің назарын аудару үшін айтылған сөздер деп атап: "АҚШ Президентінің Иранмен келіссөз жүргізу туралы уәждерінің жалған екені дәлелденуі үшін бір апта шыдау ғана керек болды",-деді.