Еуропадағы 150-ден астам ұстаз Израильді қолдауды тоқтатуды сұрады
(last modified Tue, 11 Jun 2019 09:40:27 GMT )
Маусым 11, 2019 15:40 Asia/Almaty
  • Еуропадағы 150-ден астам ұстаз Израильді қолдауды тоқтатуды сұрады

155 ұстаз Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини мен Еуропаның білім мен тәрбие және инновация істері комиссары Карло Модасқа жазған хатында Брюссельден палестиналықтардың қырылуына ортақ болып отырған сионистік режимнің қару-жарақ компанияларын қаржымен қамтамасыз етуді тоқтатуды сұрады.

«Әл-Әлам» телеарнасының мәліметінше, бұл хатқа қол қойғандар Еуроодақтан сионистік режимге бұл Одақтың зерттеу жұмыстарына қатысуға рұқсат етпеуді талап етті.

Еуроодақ 2014 жылы Израиль режимімен ғылыми ынтымақтастық келісіміне қол қойған болатын. Бұл келісім Израильге Еуропаның 2020 жылға дейінгі бағдарламаларына қатысуға рұқсат етеді. Еуроодақ бұл бағдарламаға 80 миллиард доллар қаржы бөлді және бұл бағдарламаға қатысқаны үшін сионистік режимге төленетін қаржы  Elbit және Израильдің ғарыш компанияларына түседі. Аталмыш компаниялар Израиль армиясы үшін тың тыңдау және ұшқышсыз ұшақтар шығарумен айналысады.