Зариф: Иран күн сайын америкалықтардың жиреніші мен теріс жарнамасына ұшырап отыр
(last modified Thu, 13 Jun 2019 14:05:36 GMT )
Маусым 13, 2019 20:05 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран күн сайын америкалықтардың жиреніші мен теріс жарнамасына ұшырап отыр

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ үкіметінің Иран халқына қарсы экономикалық соғысы мен лаңкестігіне тоқталып, Иранның күн сайын америкалықтардың жиреніші мен теріс жарнамасына ұшырап отырғанын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Теһранда Жапония Сыртқы істер министрі Таро Кономен кездесуінің алғашқы кезеңінде сөйлеген сөзінде: «Иран осындай ауыр жағдайда өз халқының әл‑ауқаты мен тыныштығын қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді. Солардың ішінде мұнайдан тыс қаржы саясаты мен  бюджетті қайта қарастырады»,‑деді.

Таро Коно да осы кездесуде Иранға келгеніне қуаныш білдіріп: «Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің дос ел Иранға сапары – тарихи оқиға»,‑деді.

Коно Иранның аймақтағы маңызды ел екенін айтып: «Батыс Азия аймағында қайшылықтардың азырақ болуы баршаның мүддесіне сай келеді»,‑деді.