АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы атқан оғы тасқа тиді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбі күні түнде АҚШ-тың қысымымен Оман теңізінде орын алған танкерлер оқиғасына қатысты төтенше отырыс өткізді. Алайда отырыс нәтижесіз аяқталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кувейттің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі әрі Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік басшысы Мансұр Айяд әл-Атиби жабық есік аясында өткен осы отырыстың соңында тілшілерге берген сұхбатында: "Бұл отырыста осы оқиғаға қатысты қолда бар мәліметтер жарияланды. Алайда ешқандай құжаттар мен куәлер көрсетілмеді. Тексерісті жалғастыру қажет",-деді.
Әл-Атиби АҚШ-тың осы оқиғаның артында Иран тұрғаны туралы уәждеріне қатысты: "Бұл отырыста ешқандай елдің аты аталмады",-деді.
Осы жасанды отырыстан құр қолмен шыққан АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілдігінің жетекшісі Джонатан Коэн тілшілерге берген сұхбатында осы елдің Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның уәждерін қайталап: "Бұл оқиғаның артында Иран тұр",-деді.