Рухани: АҚШ аймақ пен әлемнің тұрақтылығы үшін шынайы қатерге айналды
https://itolqyn.com/news/world-i42431-Рухани_АҚШ_аймақ_пен_әлемнің_тұрақтылығы_үшін_шынайы_қатерге_айналды
ИИР Президенті: "АҚШ қаржы-экономикалық және әскери әлеуеттерді құрал ретінде пайдаланып, басқыншы қатынас ұстанып отырғандықтан аймақ пен әлемнің тұрақтылығы үшін шынайы қатерге айналды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 14, 2019 20:29 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ аймақ пен әлемнің тұрақтылығы үшін шынайы қатерге айналды

ИИР Президенті: "АҚШ қаржы-экономикалық және әскери әлеуеттерді құрал ретінде пайдаланып, басқыншы қатынас ұстанып отырғандықтан аймақ пен әлемнің тұрақтылығы үшін шынайы қатерге айналды",-деді.

Хасан Рухани Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 19-шы саммитында: "Әсірешілдік, біржақтылық, трансаймақтық елдердің басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласуы халықаралық қауымдастықты қатерге ұшыратып отыр. Бұл әлемнің барлық елдерінің тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен мүдделеріне қауіпті болуы ықтимал",-деді.  

Рухани Иранның Ирак пен Сирияда лаңкестік топтармен күрескенін еске салып: "Иран Ирак пен Сирияда бейбітшілік үшін соғысты, Ауғанстанда БҰҰ-ның әріптестігі арқасында экстремизммен күрес жолында сындарлы рөл атқарды. Ал қазір Йеменде бейбітшілік орнатуға бар күшін салып жатыр",-деді.

Иранның атқарушы билігінің басшысы барлық көршілес елдерге Иранмен екіжақты және аймақтық диалог пен ынтымақтастық есіктерінің әрдайым ашық екенін айтып: "Біржақтылық тоқтатылуы керек, өйткені терроризм, экстремизм мен есірткі заттары контрабандасымен күресу үшін  көпжақтылық қажет",-деді.