Путин Шанхай саммитінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады
(last modified Fri, 14 Jun 2019 20:00:05 GMT )
Маусым 15, 2019 02:00 Asia/Almaty
  • Путин Шанхай саммитінде «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын сақтау қажеттігін қуаттады

Ресей Президенті «Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын сақтау және орындаудың маңыздылығы мен қажеттілігін айтып: «Мүше елдердің барлығы осы халықаралық келісім аясындағы міндеттемелерін орындауға міндетті», деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Владимир Путин  жұма күні Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық  ұйымына мүше елдер басшыларының саммитында АҚШ‑тың  «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққанынан туындаған салдарлар жайлы тағы ескертті.

Ресей Президенті: «АҚШ‑тың  «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шығуы аймақтың жағдайын тұрақсыздандырып қана қойған жоқ, ядролық қаруларды таратуға тыйым салу жүйесін де бұзды»,‑деді.

Ол өз сөзінің басқа бір бөлігінде Еуразия экономикалық одағы негізінде Еуразия кеңістігінде әріптестікті арттыру және «Бір белбеу – бір жол» жобасын орындау қажеттігін айтып: «Бұл әріптестік саяси-экономикалық өзімшілдіктен ада жағдайда жалғасуы керек»,‑деді.  

Путин, сондай‑ақ, Шанхай ынтымақтастық  ұйымына мүше елдерден Сириядағы лаңкестердің химиялық және биологиялық қаруларға қол жеткізуіне жол бермеуге талпынуларын сұрады.

Сонымен қатар Ресей Президенті: «Бішкек саммитінен кейін Ресей 2019-2020 жылдар аралығында осы ұйымды басқаруды өз мойнына алады»,‑деп хабарлады.