Помпео Иранға қарсы ұстанымның жалғасуын мойындады
(last modified Mon, 17 Jun 2019 07:05:07 GMT )
Маусым 17, 2019 13:05 Asia/Almaty
  • Помпео Иранға қарсы ұстанымның жалғасуын мойындады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранды қайтадан танкерлерге шабуыл жасады деп айыптап, Теһранға экономикалық қысымды арттыруды мойындады.

 

Майк Помпео америкалық «Fox News» арнасына берген сұхбатында: «Вашингтон Иранмен соғысқысы келмейді, бірақ бұл елге қарсы дипломатиялық және экономикалық қысым жасауды жалғастырады»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Оман теңізіндегі екі танкердің апатқа ұшырауына Иранның қатысты болуы туралы күдік-күмәндерге тоқталып: «Бұл оқиғаға қатысты ешбір күдік-күмән жоқ»,- деп баса айтты. Ол Иранды оқшаулау мен бұл елге қарсы санкциялар енгізу және АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан «ақылды шығуын» еске салып, бұл әрекеттердің қысымды арттыратынын қуаттады. Майк Помпео сөзінің жалғасында АҚШ Президенті мүмкіндігіне қарай соғыстың және Иранның әрекеттерінің алдын алуды жалғастыратыны туралы уәжденді.  

Соғыстың алдын алу туралы уәждер АҚШ үкіметі экономикалық соғысымен Иран халқын нысанаға алып, дұшпандық саясаттарын жалғастырып отырған жағдайда айтылуда.