Помпео АҚШ-тың Иранға қарсы ұстанымын жалғастыруын қуаттады
АҚШ Дональд Трамптың президенттік кезеңінде үнемі ИИР-на қарсы дұшпандылық білдіріп, Иранды Вашингтонның қалауларын қабылдауға мәжбүрлеу үшін Теһранға қарсы қысымдарды арттыруды қуаттады.
Майк Помпео америкалық «Fox News» арнасына берген сұхбатында: «Вашингтон Иранмен соғысқысы келмейді, бірақ бұл елге қарсы дипломатиялық және экономикалық қысым жасауды жалғастырады»,- деді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Оман теңізіндегі екі танкердің апатқа ұшырауына Иранның қатысты болуы туралы күдік-күмәндерге тоқталып: «Бұл оқиғаға қатысты ешбір күдік-күмән жоқ»,- деп баса айтты. Помпео сондай-ақ СNN арнасына берген сұхбатында: "Иранмен соғысқымыз келмейді. Бірақ АҚШ-тың мүддесін қорғау рұқсатымыз бар",- деді. Помпео соғыстың алдын алу туралы уәждерін АҚШ үкіметі экономикалық соғысымен Иран халқын нысанаға алып, дұшпандық саясаттарын жалғастырып отырған жағдайда айтып отыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Американың Иранмен соғысқысы келмейтіні туралы қуаттаулары негізінде америкалық стратегтердің бұл соғыстың америкалық және Вашингтонның аймақтағы одақтастарының күштеріне, сондай-ақ әлемдік экономика, әсіресе мұнай нарығына теріс әсерін тигізуі туралы ескертулерінің нәтижесі болып отыр. Не дегенімен Трамп үкіметі ең көп қысым көрсету саясатты жалғастырып, ИИР бағындырып, ирандық басшыларды келіссөз үстеліне әкеледі деп ойлайды. Әрине Трамп үкіметінде Иранға байланысты қайшылықтар байқалуда. Трамп бірнеше рет Иранмен келіссөз жүргізуге дайындығын жариялады. Сондай-ақ Ирандағы АҚШ мүддесін қорғаушы Швейцария елшілігіне ирандық басшылар үшін телефон нөмірін тапсырды. Дональд Трамп Жапонияға жасаған соңғы сапарында бұл елдің Премьер-министр Синдзо Абэнің арағайындығы және Теһран сапарын қолдады. Бірақ Синдзо Абэнің Теһран сапарында Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Вашингтонның өз міндеттемелерін бұзуларына назар аудартып, елінің АҚШ-пен қандай болсада келіссөз жүргізбейтінін қуаттады. Трамп үкіметі келіссөз жүргізу туралы ұсынғанымен Иранға қарсы қысымдарын күшейтіп, Ираннан үркіту саясатты кеңейтіп, араб елдерінен Иранның "қоқан-лоққыларына" қарсы бірігуді талап етті. Сөйтіп Трамп үкіметі қысымды күшейту саясатымен тұспа-тұс Иранды келіссөзге шақырды. Осыған орай Трамптың келіссөзі негізінде Иранға өз қалауларын қабылдатуды көздейді. Не дегенімен Иран өткен қырық жылда АҚШ-тың саясаттары мен әрекеттеріне қарсы табандылық білдіріп, іс жүзінде Вашингтонның қастықтарын залалсыздандырды.