Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы деректерінің сенімсіз екенін қуаттады
(last modified Wed, 19 Jun 2019 09:29:18 GMT )
Маусым 19, 2019 15:29 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы деректерінің сенімсіз екенін қуаттады

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Оман теңізіндегі оқиғаға Иранның қатысты болуы туралы деректерінің тіпті Вашингтонның жақын одақтастары арасында сұрақтар тудырғанын қуаттады.

Сергей Лавров ТАСС арнасына берген сұхбатында Мәскеудің қолында Иранның Оман теңізіндегі екі танкердің оқиғасына Иранның қатысты  болуын көрсететін  құжаттың жоқ екеніне тоқталып: «АҚШ-тың ұсынған құжаттары түсініксіз, қысқа бейнматериал мен бірнеше сурет. Олар тіпті Вашингтонның одақтастарын күдіктендірді. Сондықтан біз оқиғаның нақты зерттелуін қалаймыз»,- деді.

Иран басынан бастап, бұл оқиғаны зерттеуді сұраған болатын.