Тахтраванчи: АҚШ – Ауғанстандағы тынышсыздықтың басты факторы
Иранның БҰҰ-дағы өкілі: "АҚШ-тың Иранды Ауғанстанда тынышсыздық тудыруға талпынып жатыр деп айыптауы қоғамдық пікірді өзінің осы елде өткен 18 жылда жүргізген саясатының жеңіліс тапқанынан алдарқату мақсатымен айтылып отыр",-деді.
Маджид Тахтраванчи сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанға қатысты отырысында: "Ауғанстан халқы жылдар бойғы басқыншылық, шетелдік күштердің болуы мен лаңкестік шабуылдардың жасалуынан шаршаған. Олар бейбітшілік орнауын қалайды",-деді.
Тахтраванчи ИИР-ның Ауғанстанды ұдайы қолдап келгеніне, соның ішінде миллиондаған ауған мигрантты қабылдағанына тоқталып: "Иран Ауғанстанды қолдауын жалғастырады және осы ел үкіметімен үйлесе отырып, ондағы бейбітшілік үдерісінің жеңілдетілуінде белсенді рөл ойнайды",-деді.
Иранның БҰҰ-дағы өкілі, сондай-ақ, Ауғанстаннан Еуропаға Иран арқылы есірткі заттары заңсыз тасымалданатынына тоқталып, әлемдік қауымдастықтан осы салада көмек берулерін сұрады.