Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптады
(last modified Sat, 22 Jun 2019 13:16:47 GMT )
Маусым 22, 2019 19:16 Asia/Almaty
  • Ресей АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын айыптады

АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары заңсыз әрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайшы санкциялар болып саналады. АҚШ-тың бұл әрекеті 4+1 тобы мүшелерінің сынына ұшырады.

РФ Президенті Владимир Путин бейсенбі күні, 20 маусымда бір телевизиялық сұхбатта АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының негізсіз екенін қуаттады. Путин: "Иран тіпті АҚШ ядролық келісімнен шыққаннан кейін де осы келісімдегі өз міндеттемелеріне берік болып қалды. Сол себепті мен АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын негізсіз санаймын",-деп еске салды. Путин, сондай-ақ, АҚШ пен Иранның Парсы шығанағында текетірестерінің артқанын және  бұл қайшылықтардың аймақ үшін апатты салдарлары болатынын айтып, ескертті.

2018 жылдың 8 мамырында Трамп АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққанын жариялағаннан кейін бұл елдің Иранға қарсы ядролық санкциялары екі кезеңде сол жылдың тамыз және қараша айларында қайта іске қосылды. Бұл санкциялар біржақты негізде және халықаралық заңдар, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын бұзу болып саналады. Бұдан кейін Вашингтон Иранның қаржы, экономика, сауда және энергетика салаларына түрлі санкциялар салды, бірақ Иранды өз талаптарына көндіре алмады.   

Иран ешқашан қысым астында АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін, бір үстемшіл алпауыттың талаптарына бас имейтінін үнемі айтып келеді. АҚШ Иранға қарсы санкциялар салуда тіпті адам құқығын ашық түрде бұзудан тайсалмады. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік санкциясының алынып тасталғанын айтқанымен, 2019 жылдың наурыз айының аяғында Иранның бірнеше фармацевтикалық компаниясын санкция тізіміне енгізді. Бұл мәселе Трамп үкіметінің санкция салудағы мақсатының Иран халқына қысым жасап, өзінің шектен шыққан талаптарына бас идіру екенін көрсетеді.

Басқа елдерге, әсіресе Вашингтонға қарсы әрі бәсекелес елдерге қарсы әртүрлі санкциялар салу – Дональд Трамп басқарып отырған АҚШ үкіметі сыртқы саясатының басты өзектерінің бірі.

Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак: "Бүкіл әлем Вашингтонның өзіне ұнамаған әртүрлі елдерге қарсы ешбір бақылаусыз салып жатқан санкцияларынан шаршады",-деді.  

АҚШ-тың әртүрлі елдерге қарсы біржақты санкциялар салуды жалғастыруы халықаралық деңгейде наразылық тудырып отыр. АҚШ-тың санкциялары басқа елдерде заңды үкіметтерді құлату үшін ғана емес, сауда бәсекелестерге соққы беріп, әлемдегі экономикалық нарықтарды монополиялау үшін де қолданылып отыр.  

АҚШ санкцияларымен күресу,  бұл салада жаңа тәсілдерді ұсыну, Вашингтон санкцияларының теріс әсерлерін залалсыздандыру үшін кампания бастау қажеттігі бүгінде Трамп үкіметінің санкцияларына ұшыраған елдердің басты мәселесі саналады.